Целиноград ауданында 16 балалар және спорт алаңы ашылды
Целиноград ауданының он ауылында ойын ойнауға, демалуға және спортпен шұғылдануға арналған жаңа алаңдар пайда болды. Алаңдар жергілікті кәсіпкердің қолдауымен және аудан әкімдігінің бастамасымен жабдықталды.
Балаларға арналған әткеншектер, сырғанақтар мен спорттық аймақтар орнатылды. Ал ересектер үшін ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары қарастырылған. Енді тұрғындардың үйінің жанында таза ауада уақыт өткізіп, дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі арта түсті.
Жаңа алаңдар Ақмол, Тасты, Арайлы, Қабанбай батыр, Рақымжан Қошқарбаев, Оразақ, Ақжар, Шалқар, Қаражар және Жаңа-Есіл ауылдарында ашылды.
Мұндай қоғамдық кеңістіктерді құру жұмыстары ауданның басқа ауылдарында да жалғасын табады.