Ақмолалық спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлде алды
Ақмолалық спортшылар бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан әлемдегі ең ірі турнирлердің бірі – ABU DHABI WORLD MASTERS JIU-JITSU CHAMPIONSHIP 2026 өтті.
Oss Team Kokshetau академиясының спортшылары жоғары нәтижелер көрсетті. Асылхан Мейірманов 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпионаттың күміс жүлдегері атанса, Павел Гришков 94 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Әсіресе, жерлесіміз Руслан Шакратовтың өнерін атап өткен жөн. Ол Египет, Испания және Ресей спортшыларымен бірқатар тартысты белдесулер өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Нәтижесінде Руслан бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды!
Спортшылар академияның жаттықтырушылар құрамына – Ержан Қасеновке, Кирилл Якимовичке және Арыстанбек Ғиззатовқа алғыс білдіреді.