Гандбол: Қазақстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатындағы алғашқы ойынында сенімді жеңіске жетті!
Алматы 16 жылдан кейін әйелдер командалары арасындағы гандболдан Азия чемпионатын қайта қабылдады!
Топтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстанның әйелдер құрамасы Австралия командасын 37:18 есебімен жеңді. Осылайша, ұлттық құрама турнирдегі алғашқы екі ұпайын еншіледі!
В тобында Қазақстан мен Австралиядан бөлек, Оңтүстік Корея, Үндістан және Өзбекстан құрамалары өнер көрсетеді.
А тобында Қытай, Жапония, Гонконг, Иран және Таиланд құрамалары жүлделі орындар үшін бақ сынауда.
Бүгін ұлттық құрама турнирдегі кезекті матчын өткізеді. Қазақстан құрамасының қарсыласы – Үндістан командасы.
Азияның 21-чемпионаты 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтуде.
Турнир 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Құрлықтық біріншіліктің үздік төрт командасы әлем чемпионатына жолдама алады.
Ұлттық құрамаға жанкүйер болайық!