Жарқайың ауданында сайлау өтті
2026 жылғы 23 тамызда Ақмола облысының Жарқайың ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтті.
Барлық сайлау учаскелері дауыстарды санау үшін жабылды.
Дауыс беру күні сайлау учаскелері белгіленген уақытта, таңғы сағат 7:00-де ашылды. Дауыс беру сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтті.
Учаскелік сайлау комиссиялары азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңында көзделген жекелеген санаттағы азаматтарға үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Дауыс беру нәтижелеріне әсер етуі мүмкін шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
Жалпы, Жарқайың ауданы аумағында сайлау ұйымдасқан түрде, заңнама талаптарына сәйкес және азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ете отырып өтті.
Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Рамазанова.