Көкшетаудың Құрметті азаматтары дауыс берді

WhatsApp Image 2026-11-29 at 13.28.57

Сайлау күні Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, оның ішінде «2026 жылғы Құрметті азаматы» атағына ие болған азаматтар да өз таңдауларын жасады.

Атап айтқанда, Көбентай Дарбаев, Мағауия Рахимбергенов және Сайран Джакупов дауыс беруге қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Туған қаласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың сайлауға қатысуы – олардың қоғамдық өмірге деген белсенді көзқарасының көрінісі.

Олардың үлгісі азаматтық жауапкершіліктің жасқа да, мәртебеге де тәуелді емес екенін көрсетеді. Әр дауыс маңызды, ал елдің болашағы әр азаматтың таңдауынан қалыптасады.