Ақмола облысында сайлаушыларға тегін көлік қызметі ұйымдастырылды
29 қараша күні мәслихат депутаттарын сайлау аясында Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Тегін тасымал» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында сайлаушыларды дауыс беру учаскелеріне жеткізу үшін арнайы көліктер қызмет көрсетті. Бұл тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік берді.
Бастама сайлаушыларға қолайлы жағдай жасауға және дауыс беру күні көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.