Сайлау күні мерекелік көңіл күймен өтуде

WhatsApp Image 2026-11-29 at 10.29.14

Көкшетау қаласындағы №41 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты режимде жалғасуда. Таңертеңнен бері тұрғындардың белсенділігі байқалып, сайлау күні мерекелік атмосферамен ерекшеленуде.

Учаскеге келген тұрғындар үшін «Достар» мәдениет үйі әртістерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Сондай-ақ Қызылжар ауылындағы №1 сайлау учаскесінде «Көкше» мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Өнер ұжымдарының өнер көрсетуі сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.