Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды
26 қарашада Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған II «Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы өз жұмысын бастады.
Іс-шараға шет мемлекеттердің конституциялық соттарының өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Симпозиумның басты тақырыбы – құқықтық мәдениет пен заманауи конституционализмді дамыту, заң үстемдігін нығайту және адам құқықтарын қорғау.
Қатысушылар «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының маңызын атап өтіп, конституциялық құндылықтарды қоғамның күнделікті өмірінде жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.
Симпозиум аясында құқықтық мемлекет, сот төрелігінің қолжетімділігі, адам құқықтары, әлеуметтік саясат және тұрақты даму мәселелері бойынша сараптамалық сессиялар, дәрістер мен семинарлар өтуде.
Халықаралық басқосу құқықтық мәдениетті дамытуға және Конституция мен заңды құрметтеуге негізделген қоғам қалыптастыруға бағытталған.