Өңірлік басқаруды жаңғыртудағы маңызды қадам
Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа жасаған сапарын өңірлік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды қадамы деп бағалаймын.
Ахуалдық орталықтың тәулік бойы жұмыс істеуі, инфрақұрылым, коммуналдық қызметтер, көлік және қауіпсіздік салаларын нақты уақыт режимінде бақылауы – бұл заманауи цифрлық басқарудың тиімді үлгісі. Мұндай тәсіл төтенше жағдайлардың алдын алуға, жедел әрекет етуге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.
Әсіресе, ықтимал қауіп-қатерлерді алдын ала модельдеу арқылы шешім қабылдау – басқару сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды құрал. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тәжірибе алмасу – өңірлік тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтудың жарқын көрінісі. Осындай бастамалар «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етеді.
Тлеулес Сайфуллина, Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі
Фото: t.me/aqorda_resmi