Қазақстандық кадеттер дзюдодан Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды

WhatsApp Image 2026-11-26 at 10.12.18 (1)

Өзбекстанның Ташкент қаласында кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары бес медаль иеленді.

🥇 Әдия Жанахмет (40 кг дейін) барлық қарсыласын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

🥈 Ернат Кеңесбек (55 кг дейін) пен Аслан Ерғалиев (60 кг дейін) күміс жүлдегер атанды.

🥉 Ғабит Расулхан (60 кг дейін) және Ерік Үсенов (66 кг дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

Жас дзюдошыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!