60 жыл бірге: Рыспаевтар отбасы өз таңдауын жасады

WhatsApp Image 2026-08-23 at 12.02.46

23 тамыз күні Жарқайың ауданында Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауында дауыс беру жалғасуда. 🗳️🇰🇿

№489 сайлау учаскесінде Кәмит Қалижанұлы мен Раушан Мәжитқызы Рыспаевтар өздерінің азаматтық таңдауларын жасады. Жұбайлар 60 жылдан бері өмір жолын бірге жалғастырып келеді.

Алты онжылдыққа созылған ғұмыр жолында олар өзара сыйластықты, қолдауды және отбасылық құндылықтарды сақтап келеді. Бүгін де жұбайлар маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Олардың 60 жылдық берекелі ғұмыры — татулықтың, бірліктің және сыйластықтың жарқын үлгісі