Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

WhatsApp Image 2026-11-26 at 10.12.18

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы үстел теннисінен әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.

Жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жүрген отандасымыз ширек финалда Үндістан құрамасының Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарья жұбын 3:2 есебімен жеңді.

Осы нәтижемен қазақстандық спортшы әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Енді финалға шығу үшін Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи Оңтүстік Кореяның Ким Дэхван мен Ли Хенхо жұбымен кездеседі. Жартылай финалдық матч 26 қарашаға жоспарланған.

Қазақстандық спортшыға финал жолында сәттілік тілейміз!