Қазақстан Халық Кеңесі – ашық диалог алаңы
Мен, аудандық газеттің редакторы ретінде, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуын қоғамдағы ашық диалогты дамыту жолындағы маңызды қадам деп санаймын.
Бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті – қоғамға маңызды ақпаратты жеткізу, азаматтардың бастамаларын жариялау және әртүрлі пікірлердің ашық айтылуына мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, түрлі сала өкілдері мен қоғамдық топтардың бір алаңда бас қосуының маңызы зор.
Біздің газет аудан тұрғындарының тыныс-тіршілігін, олардың бастамалары мен жетістіктерін, сондай-ақ қоғамды толғандыратын мәселелерді тұрақты түрде жариялап келеді. Халықпен осындай тікелей байланыс тұрғындардың нақты ұсыныстары мен қажеттіліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Халық Кеңесі де қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы байланысты нығайтып, азаматтардың пікірін жеткізетін тиімді алаңға айналады деп сенемін.
Ашық диалог, шынайы ақпарат және өзара сенім – қоғам дамуының маңызды негіздері.
Оразхан Зейнолла, «Жарқайың тынысы» газетінің бас редакторы.