Жарқайың ауданында сайлау күні кітап көрмесі ұйымдастырылды

WhatsApp Image 2026-11-29 at 12.27.16

Жарқайың ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні мәдени-танымдық іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Осындай шаралардың бірі – «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде өткен кітап көрмесі.

Көрменің басты мақсаты – тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шара сайлау күні Мәдениет үйіне келген азаматтарға әдебиет әлемімен танысып, уақыттарын мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.

Көрмеге түрлі тақырыптағы әдеби шығармалар мен танымдық кітаптар қойылды. Келушілер ұсынылған кітаптармен танысып, өздерін қызықтырған әдебиеттерді қарауға мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда кітап оқу мәдениетін дамыту, әсіресе өскелең ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытып қана қоймай, ұлттық мұра мен рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңызды құралы саналады.

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы қоғамда кітап оқу дәстүрін нығайтуға, білімге құштарлықты арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған. Осындай мәдени-танымдық іс-шаралар кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқу мәдениетінің кеңінен таралуына ықпал етеді.

Кітап – білім мен руханияттың қайнар көзі. Ал кітап оқитын ұлт – рухы бай, танымы кең, болашағы кемел ұлт.