Өмірде де, таңдауда да – жарасым тапқан жұп
Биыл Рыспаевтар отбасы – 1945 жылы дүниеге келген Камит Қалижанұлы мен Раушан Мәжитқызы айтулы мереке – 60 жылдық отбасылық өмір белесіне жетіп отыр. 80 жасқа толған ерлі-зайыптылар әлі күнге дейін адалдықтың, сүйіспеншіліктің және өзара сыйластықтың жарқын үлгісі болып келеді.
Референдум күні олар азаматтық борыштарын орындау үшін Гастелло ауылындағы №489 сайлау учаскесіне келді. Бұл өнегелі жұптың артында қуанышы мен қиындығы қатар өрілген ұзақ ғұмыр жолы жатыр. Осы жылдар бойы олар бір-біріне әрдайым сүйеніш болып, шаңырақтың шуағын, даналық пен бір-біріне деген адалдықты сақтап келеді.