Әлжановтар отбасы өз таңдауын жасап, белсенді азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетті
Жарқайың ауданының Львовское ауылындағы №495 сайлау учаскесіне Әлжановтар жұбайлары келіп, өз таңдауларын жасады. Жастары ұлғайғанына қарамастан, олар қоғамдық өмірден шет қалмай, ел ішіндегі маңызды оқиғаларға әрдайым белсене араласып келеді. Сондықтан дауыс беруге қатысуды олар өздерінің маңызды азаматтық парызы деп санайды.
Әлжановтар отбасы үшін сайлау учаскесіне келу — жай ғана маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу емес, бұл ел болашағына деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Олардың айтуынша, әрбір дауыс маңызды, ал дауыс беруге қатысу — мемлекеттің ертеңіне өз үлесін қосып, азаматтық көзқарасты білдірудің нақты жолы.
Жұбайлар мұндай қадамдар қоғамда бірлік, жауапкершілік және туған ел тағдырына деген құрмет сынды құндылықтарды орнықтыратынын атап өтті. Сондай-ақ, олар аға буын өкілдері жастарға үлгі болып, маңызды мемлекеттік шешімдерге бейжай қарамаудың маңызын өз ісімен көрсетуі керек екенін жеткізді.
Әлжановтар аудан тұрғындарын шетте қалмай, азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге міндетті түрде қатысуға шақырды.