«Мұз-2024» республикалық акциясы
Ақмола облысында аң аулау және балық аулау маусымы басталғаннан бері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.






«Мұз-2024» республикалық акциясы аясында Ақмолалық құтқарушылар балық аулау әуесқойларына қыс мезгілінде суда болған кезде қауіпсіздік ережелерін күн сайын жеткізеді. Естеріңізге сала кетейік, өңірде 700-ден астам су айдыны бар.
«Егер мұздың қалыңдығы 25 см-ден аз болса, балық аулау әуесқойлары өздерімен бірге жеке құтқару құралдарын: құтқару кеудешесін, шильцті, 2 метрлік таяқ пен 10 метр арқан, сондай-ақ су өткізбейтін қапшықтағы телефонды алып жүруі қажет. Осы талаптар бұзылған жағдайда, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау үшін ӘҚБтК – нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады», – деді Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Алмаз Бекбаев.
Бір адамды үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 10-15 см құрайды, дейді құтқарушылар.
Дереккөз: Ақмола облысының ІСБ