Кремльде президент Тоқаев пен Путиннің кездесуі жайлы жалғастырайын

WhatsApp Image 2025-11-13 at 16.57.46

Кремльде президент Тоқаев пен Путиннің кездесуі жайлы жалғастырайын. Бүгінгі кездесуде біздің президент қонақжайлық танытқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді.

Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ауқымы өте кең. Сол себепті бұл кездесуге дайындық тыңғылықты жүргізілген. Сондай-ақ мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар саяси сыпайылық үшін айтылған сөз емесіне назар аударды. Керісінше өзара ынтымақтастықтың мәнін ашатын сипаттау деп түсіндірді.

Тағы бір айта кетерлігі, біздің президент өзара қарым-қатынаста ешқандай түйткіл жоқ екенін атап өтті. Бүкіл сала табысты дамып келеді. Екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырғанын жеткізді.

Тоқаев атом энергиясы саласындағы ынтымақтастық жөнінде де әңгімеледі. Президент Қазақстанда салынатын тұңғыш АЭС-тің құрылысын ресейлік «Росатом» жүргізетінін айтты.

Білім саласындағы ынтымақтастық бұл кездесуде назардан тыс қалмады. Мысалы, біздің елде Ресейдің 9 университетінің филиалы ашылған екен.. Сол секілді Омбы университетінің жанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылғанын бүгін білдім.

Путин де екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны айтты.

Қазақ көршіңмен тату бол дейді ғой. Дәл қазір бізге керегі де осы. Кремльдегі кездесуден түйгенім, қандай жағдай болсын, көршілерімізбен тату бола бергеніміз қажет.

Дереккөз: Facebook-тегі Жазира Бегалының жазбасы — https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=2932329540299744&id=100005681798993&mibextid=wwXIfr&rdid=Mh8TH8963KzTlu8A#

kkҚазақ тілі