Жарқайың ауданында Конституция жобасы бойынша диалог алаңы өтті

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.53.50

Жарқайың ауданында ТЖБ және №12 ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылып, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум және жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Кездесу барысында Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбек Сілеуқадыр Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызы мен олардың елдің одан әрі дамуына ықпалы туралы жан-жақты баяндады.

Іс-шара барысында қатысушыларға жобаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Жаңартылған Негізгі заң жобасы қоғамның заманауи құндылықтары мен мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындап, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуына берік негіз қалайды.