Ашық аспан астындағы балалық шақ: Аршалы ауданында балаларға арналған ойын инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

WhatsApp Image 2025-07-16 at 15.20.53

Аршалы ауданында балаларға жайлы әрі қауіпсіз ойын ортасын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс соңғы жылдары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2022–2025 жылдар аралығында ауылдық округтерде балалар ойын алаңдарын салу белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар бюджет қаражатымен қатар, демеушілік қолдаудың арқасында да іске асуда.

Мәселен, Жібек жолы ауылында 2022 жылы бес ойын алаңы салынды. Бұл шалғай елді мекендердегі балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен серпін берді. Ал 2024 жылы мұнда тағы екі ойын алаңының құрылысы жоспарланған. Бұл бастама көпқабатты үйлер ауласын кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылуда. 2023 жылы Сарабэ ауылында демеушілердің қолдауымен заманауи ойын алаңы орнатылды. Ал 2024 жылы осындай алаң Николаевкада пайда болса, 2025 жылы Сарабэ ауылында тағы бір ойын алаңы салынды — бұл да демеушілер есебінен жүзеге асты.

Маңызды жобалардың бірі Ижев ауылдық округінде іске асты — 2024 жылы мұнда 8,5 миллион теңге бюджет қаражатына ойын алаңы орнатылды. Бұл балалар инфрақұрылымына мемлекет тарапынан зор мән берілетінін көрсетеді. Сондай-ақ Бабатай станциясында 13,5 миллион теңге сомасына демеушілердің есебінен ойын алаңы салынды.

Сонымен қатар, 2026 жылға қарай Анар станциясы мен Михайловка ауылында тағы екі ойын алаңының құрылысы жоспарлануда — бұл жобалар аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Осылайша, балалардың дамуына, ойын ойнап, белсенді демалуына жағдай жасау бойынша жұмыстар бүкіл аудан аумағын қамтып отыр. Аршалы ауданының әкімдігі әр ауылда, әр аулада балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз ойын аймақтарымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

Дереккөз: Ақмола облысының ІСБ

kkҚазақ тілі