Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады
Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Осы уақыт ішінде президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды?
Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;
Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 млн теңге.