ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!
2023 жылдың 2-3наурыз күндері Ақмола облысында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Е. Әуелбеков к-сі 87 мекен-жайы бойынша, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында орналасады.
Байланыс телефоны:8 (716-2) 55-14-82.
Ақмола облысының ТЖД