Ақмолада жолдар мен вокзалдар жаңартылып, қысқа дайындық жүргізілуде

WhatsApp Image 2026-10-29 at 10.21.42 (1)

Ақмола облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, теміржол вокзалдарын жаңғырту, сондай-ақ қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Биыл өңірде автомобиль жолдарын жөндеу мен салуға 85 млрд теңге бөлініп, жыл басынан бері шамамен 450 шақырым жолда жұмыстар атқарылды. Соңғы екі жылда 1 700 шақырымға жуық жол салынып, жөнделді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында облыста 16 теміржол вокзалы жаңғыртылды. Олардың қатарында Көкшетау, Щучье, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау және Державинск қалаларындағы вокзалдар бар.

Қысқы маусымда жолдарды күтіп ұстауға шамамен 15 мың шақырым жол қамтылған. Республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 315 бірлік, облыстық маңызы бар жолдарға 132 бірлік арнайы техника дайындалды. Ал аудандық және қалалық жолдарды күтіп ұстауға 800-ден астам техника жұмылдырылмақ.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік қатынасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.

Дереккөз: Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі