Ақмола облысында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда
2026 жылғы 15 наурызда Ақмола облысының бірқатар елді мекендерінде жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкелері өтуде. Іс-шаралар халықты сапалы әрі қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Бурабай ауданының Щучинск қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындарға жергілікті шаруашылықтар мен кәсіпкерлер ұсынған ет, сүт, кондитерлік өнімдер, бал және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылуда.
Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Кіші алаңда да азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары ет өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ сүт өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады. Сатып алушылар ұсынылған өнімдердің алуан түрлілігі мен бағасының қолжетімді екенін атап өтуде.
Егіндікөл ауданында жәрмеңке Егіндікөл ауылындағы №381 және №385 сайлау учаскелерінің маңында ұйымдастырылған. Мұнда жергілікті өндірушілер ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынып отыр.
Сонымен қатар, Қосшы қаласының барлық сайлау учаскелерінде жәрмеңкелік сауда жүргізілуде. Астрахан ауданында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері №180 және №184 учаскелерінің аумағында сатылуда.
Ерейментау ауданында жәрмеңке Ерейментау қаласындағы «Солнечный» сауда үйінің алдындағы жәрмеңке алаңында өтуде. Мұнда тұрғындар ет, сүт өнімдерін, көкөністерді, балды және басқа да азық-түлік тауарларын сатып алуда.
Мұндай жәрмеңкелерді ұйымдастыру жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тұрғындар үшін бұл — сапалы әрі жаңа өнімдерді тікелей өндірушілерден тиімді бағамен сатып алуға жақсы мүмкіндік.