Конституция және отбасы: ел болашағына жауапты қадам
Конституция – мемлекеттің берік тірегі, қоғам дамуының басты бағытын айқындайтын негізгі заң. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар ел болашағы үшін аса маңызды әрі уақыт талабынан туындаған қадам деп білемін.
Әкелер кеңесінің төрағасы ретінде мен үшін ең бастысы – отбасы институтын нығайту, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, ұрпақ тәрбиесінде әкенің рөлін арттыру. Жаңартылған Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының кеңеюі, заң үстемдігінің күшеюі, әлеуметтік әділеттіліктің нығаюы – осы құндылықтардың барлығы берік әрі жауапты отбасы қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.
Әкелер – тек отбасының асыраушысы ғана емес, сонымен қатар ұрпаққа өнеге көрсететін тәрбиеші. Сондықтан да мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарға, ата-ана жауапкершілігіне және балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінуі – қоғамның тұрақты дамуына жол ашады.
Біз, Әкелер кеңесінің мүшелері, Конституциялық реформаларды қолдай отырып, елдің жарқын болашағы үшін әр азаматтың белсенді азаматтық ұстаным танытуы маңызды деп санаймыз. Бірлік пен жауапкершілік бар жерде – береке мен даму болады.
Исраил Манафов, Әкелер кенесінің торағасы