Жарқайың ауданының орталықтандырылған кітапханасында Халықаралық мүгедектер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы рөлін арттырып, олардың құқықтары мен өмір сапасын жақсарту бағытындағы бастамаларды қолдау, сондай-ақ инклюзивті орта құруға үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау