Ақмола облысы спортты қоғамдық дамудың жаңа формасына айналдыруда

WhatsApp Image 2025-11-13 at 16.27.10

Ақмола облысы Қазақстанның спорт саласында  белсенді өңірлердің бірі ретінде өз беделін нығайтуда. 2025 жыл өңір үшін жетістіктерге толы рекордтық жыл болды.

Жергілікті спортшылар ұлттық және халықаралық ареналарда шамамен 800 медаль жеңіп алды. Алғаш рет облыс спортшылары Қазақстанның VI Қысқы Спартакиадасында жеңімпаз атанды. Ақмолалық спортшылар Туринде өткен Дүниежүзілік Универсиада мен Харбинде өткен IX Қысқы Азия ойындарына қатысып, алтын және қола медальдармен оралды. Ішкі ареналарда әйелдер баскетбол құрамасы Қазақстан чемпионатында күміс медальға ие болып, жарқын өнер көрсетті.

Алайда, бұл көрсеткіштер биік шыңдардың басы ғана. Өңір спортшылардың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ететін жүйелі құрылымды қалыптастыруда. Зерендіде Қазақстандағы алғашқы Арнайы мемлекеттік қор есебінен салынған спорт мектебі ашылды.

Жыл соңына дейін тағы жеті спорт нысанының, оның ішінде Красный Яр кенті, Бестөбе және Қорғалжындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Макинск қаласындағы  жүзу бассейні, Щучьедегі спорт сарайы, облыс орталығындағы көпфункционалды спорт кешендерінің құрылыстары аяқталады.

Сонымен қатар, жақын жылдары Көкшетауда 10 мың орындық заманауи стадион пайда болмақ. Жаңа нысан Солтүстік Қазақстандағы ең ірі  спорттық алаңға айналып, ұлттық деңгейдегі турнирлерді өткізу орны болады деп күтілуде.

«Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында басқа да маңызды спорттық бастамалар жүзеге асырылды. Косшыда Болат Өтемұратов қорының қаражаты есебінен 20 миллион АҚШ долларына көпфункционалды community-орталық салынды. Көкшетауда Қазақстандағы алғашқы «FIFA Arena» спорт стадионы және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шахмат үйі ашылды. Степногорск қаласында  «Алтыналмас» компаниясының қатысуымен 12 миллиард теңгеге спорт сарайының құрылысы басталды», — деп бөлісті Марат Ахметжанов.

Спикердің пікірінше, басты жеңіс — медаль саны емес, спорттың өмірдің бір бөлшегіне айналуы қала мен ауыл, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар арасында шекарасыз орта қалыптасуы.

Дереккөз: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

kkҚазақ тілі