Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілуде

WhatsApp Image 2025-08-25 at 10.19.17

Ақмола облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дархан Досанов мәлімдеді.
2025 жылдың 7 айында Ақмола облысында 186 есірткі құқықбұзушылығы (2024 ж. – 152) тіркелді, оның ішінде 95 қылмыстық іс. Көбіне синтетикалық есірткіні сату фактілері анықталуда. Заңсыз айналымнан 108 кг-нан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 7 кг-нан астамы синтетика.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 фитонаркозертхананы жойып, синтетикалық есірткінің 5 жеткізу арнасын бөгеді. 23 «закладчик» ұсталды. Арнайы операция барысында 186 грамм мефедрон, 200 кг-нан астам прекурсор және зертханалық жабдық алынды.
Киберкеңістікке ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері есірткі жарнамасы бар 950-ден астам сілтеме анықталып, «Кибернадзор» базасына енгізілді, сондай-ақ 1300-ден астамы «Антифрод» ақпараттық жүйесіне жолданды.
Полиция подполковнигі Досановтың айтуынша, нашақорлыққа қарсы күресте басты рөл профилактикаға тиесілі. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлінді.
7 айда 672 профилактикалық іс-шара өтті – акциялар, дөңгелек үстелдер, дәрістер, спорттық және мәдени шаралар. 48 мыңнан астам адам қамтылды, соның ішінде өңірдегі оқушылар мен студенттердің 90%-ы.
Биыл Есірткі құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік кеңес құрылды. Оның құрамына жастар өкілдері, спорт қайраткерлері, ҮЕҰ мүшелері, блогерлер, дәрігерлер, психологтар мен полицейлер кірді. Жазғы маусымда Кеңес мүшелері 30-дан астам іс-шара өткізді. Олардың ішінде – лагерлерде балаларға ойын түрінде нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беру, ұстаздар мен ата-аналарға арналған семинарлар, спорттық жарыстар мен акциялар бар.
Сонымен қатар, маусым айында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай облыста бір айлық өткізілді. Оның аясында 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.
Барлық негізгі шаралар өңірлік БАҚ пен полицияның ресми ресурстарында жарияланып келеді. Жыл басынан бері 359 материал жарық көрді, оның ішінде 262-сі республикалық басылымдарда.
«Ақмола облысының полициясы азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін есірткі бизнесіне қарсы жүйелі күресті жалғастыруда», – деп атап өтті Дархан Досанов.

Дереккөз: Ақмола облысының ІСБ

kkҚазақ тілі