Ақмола облысында балалардың терезеден құлауын болдырмау шаралары күшейтілуде

WhatsApp Image 2025-07-17 at 11.05.03

Жыл басынан бері өңірде көпқабатты үйлердің терезесінен балалардың құлауына байланысты 10 оқиға тіркелді. Олардың басым бөлігі Қосшы мен Көкшетау қалаларында орын алған. Екі жағдайда оқиға қайғылы аяқталған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұндай жағдайлар көбіне ересектердің қарауынсыз қалған сәттерде болады. Балалар терезе жанындағы жиһазға шығып, масаға қарсы торға сүйеніп, сыртқа құлап кетуі мүмкін.

Осыған байланысты құтқару қызметі алдын алу шараларын күшейтті. Жыл басынан бері 9917 жадынама таратылып, 12 мыңнан астам адам қамтылды, КСК мен білім беру ұйымдарымен 130-дан астам кездесу өткізілді. Әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардың үйлеріне 216 терезе қорғанышы орнатылды.

Департамент ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне баса мән беруге шақырады. Күнделікті қарапайым сақтық шаралары балалардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дереккөз: Ақмола облысының ӨКҚ

kkҚазақ тілі