2023 жылы МӘМС үшін кімдер қанша төлейді?
Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін – жалақының 3% мөлшерінде
10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге.
Қызметкерлер, оның ішінде АҚС шарты бойынша жұмыс істейтіндер – табысының 2%.
10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге.
Жеке кәсіпкерлер (ЖК)
ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе БЖТ төлеушілер
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге.
Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни1 725 теңге.
Дербес төлеушілер
1 ЕТЖ 5% немесе 3 500теңге
Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды
2023 жылғы 1-ші қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды*.
* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.
Әлия Жүсіпова, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры