Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді

WhatsApp Image 2025-12-15 at 14.35.26 (1)

Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президенттің елді мекендерді газбен қамту жөніндегі тапсырмаларын орындау нәтижелері туралы баяндады.

Ол Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру тұтынушыларды газбен жабдықтау қызметтерімен қамтуды арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.

«Халықты газбен қамту бойынша Мемлекет басшысы тапсырған әлеуметтік міндеттер жүйелі түрде шешілуде. Табиғи газ шалғай өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді игілікке айналып, елдегі газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті. 2025 жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді. Бұл мақсаттарға 112 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді»,
— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Дереккөз: Telegram-арнасы @KZgovernment

kkҚазақ тілі