ТМД сайлау процесіне қатысушылардың сайлау мәдениетін дамытуда

2025 жылғы 1 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің (ТМД СОБ КК) VI отырысы аясында «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар құқықтық ағарту, жастарды тарту, сайлау саласындағы жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл және сайлауға қатысуды кеңінен насихаттау мәселелерін талқылады.
Қатысушылар электоралдық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ұлттық тәжірибелермен бөлісіп, саяси және құқықтық ағарту, сайлау саласындағы жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл және әсіресе жастар арасында сайлауды кеңінен насихаттау мәселелерін жан-жақты талқылады.
Талқылаулар барысында азаматтардың саяси-электоралдық мінез-құлқын және сайлау мәдениетін қалыптастырудың түрлі қырларын зерттеудегі жүйелі тәсіл қоғамдық үрдістерді түсінудің, демократиялық институттарды нығайтудың және азаматтардың оларға деген сенімін арттырудың негізгі іргетасы екені атап өтілді.
Дөңгелек үстелдің модераторы, ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов дамыған электоралдық мәдениет қоғам мен билік арасындағы сапалы диалогты ынталандырып, неғұрлым теңгерімді әрі стратегиялық шешімдер қабылдауға жағдай жасайтынын, сондай-ақ тұрақты даму мен әлеуметтік үйлесімге қолайлы орта қалыптастыратынын атап өтті.
Бағдарламаның жеке бөлімі ретінде ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті (онлайн-форматта). Дөңгелек үстелге қатысушылар жас сайлаушыларды сайлау процесіне тартудың тиімді тәсілдерімен бөлісіп, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру бойынша бірлескен жобаларды талқылады.
Іс-шара бейнеконференция форматында өтіп, қатысушылардың өзара танысуына, кәсіби байланыстарды одан әрі нығайтуға, алаң жұмысының мақсаттарын талқылауға, бастамаларды таныстыруға және оның алдағы уақыттағы қызметінің қадамдарын айқындауға бағытталды.
Іс-шараға қатысушылар жастарды сайлау туралы ақпараттандырудың, жас сайлаушыларды сайлау процесіне тартудың маңыздылығын атап өтіп, жастар арасында электоралдық-құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған жобалар мен бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы