Олжас Бектенов бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру туралы: «Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамыту қажет»

WhatsApp Image 2025-11-05 at 07.59.56

Үкімет отырысында спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамыту мәселелерін қарау барысында Премьер-министр басты мақсат халықтың спортпен қамтылу деңгейін арттыру және кәсіпқой спортшылар даярлау үшін қажетті жағдай жасау екенін атап өтті.

«Әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуға тиіс спорттың дамуы Мемлекет басшысының үнемі назарында.

Бұл орайда еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылым мен бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Басты мақсат – халықтың дене шынықтыру және спортпен қамтылу деңгейін арттырып, кәсіпқой спортшыларды даярлау үшін қажетті жағдай жасау.

Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамытып, тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми Telegram арнасы – @KZgovernment

kkҚазақ тілі