Мемлекет басшысы волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді

WhatsApp Image 2026-01-30 at 15.00.49

«Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек.

Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр.

Ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек.

Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын».

Дереккөз: Тelegram-арнасы aqorda_resmi