Мал шаруашылығы: стратегиялық сала және дамудың жаңа тетіктері

WhatsApp Image 2025-09-03 at 09.59.23

Мал шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала. Ол АӨК-тің жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрайды. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жуықтады. Ет өндірісі 2%-ға артты (608,8 мың тонна), сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайды (2,25 млн тонна).

Мал мен құс саны да тұрақты көбейіп келеді: ірі қара – 8,7 млн бас (+0,3%), жылқы – 4,6 млн (+6,7%), түйе – 300 мың (+3,9%), құс – 48 млн (+6,6%). Осы ретте қой басы 3,7%-ға кемігені байқалады (21,1 млн бас).

Қазақстанның экспорттық әлеуеті нығайып келеді: 2025 жылдың алғашқы бес айында сиыр еті экспорты 2,5 есеге (12,3 мың тонна), қой еті 2,6 есеге (9,2 мың тонна) көбейді. Алғаш рет 797 тонна шошқа еті сыртқа шығарылды. Бұл нәтижелер отандық өнімнің бәсекеге қабілетті екенін және халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Сүт өндіру саласына айрықша көңіл бөлініп отыр. 2023–2025 жылдары жылына 300 мың тоннадан астам өнім беретін 48 сүт тауарлы фермасы салынды. Жаңа фермалардағы орташа жылдық сауым 8,2 мың литрге жетсе, алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 11 мың литрге дейін барады. Бұл деңгей Еуропаның жетекші елдеріне сай келеді. 2024 жылы 688 мың тонна сүт өндірілді (2022 ж. +32%). 2025 жылы тағы 32 кешен іске қосылып, қосымша 152 мың тонна өнім алу жоспарланған.

Дереккөз: @KZgovernment

kkҚазақ тілі