Көкшетауда «Қауіпсіз жол-балалар үшін» атты ауқымды акциясы өтті
Ақмола облысының прокуратурасы Полиция департаменті және әкімдікпен бірлесіп, оқушылардың жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз жол-балалар үшін» ауқымды оқыту іс-шарасын өткізді.
Акция 1-6 сынып оқушыларын қамтып, оқу тәжірибесі үшін жаңа форматты — жол-көлік жағдайларының шынайы визуалды қойылымдарын ұсынды.
Бағдарлама барысында шын автомобильдер, арнайы манекендер және ЖКО қайталанатын сценарийлерінің сериялары пайдаланылды.
Әрбір қойылым — оқиғаның себептері, салдары, әдеттегі қателіктер және баланың жолдағы дұрыс әрекеттерінің алгоритмі егжей-тегжейлі зерттелді.
Мұндай әдіс балаларға ықтимал қауіптерді тереңірек түсінуге, қауіпті жағдайды эмоционалды сезінуге және қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін бекітуге мүмкіндік береді.
Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы жауаптылықты қалыптастыру — ерте жастан басталатынын, ал мұндай тәжірибеге бағдарланған жобалар балалар жарақатының алдын-алудың тиімділігін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.
Бағдарламаның мақсаты — оқушылар арасында заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін нығайтып, кәмелетке толмағандардың қатысуымен ЖКО санын азайту.
Дереккөз: Ақмола облысының прокуратурасы