Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы
2024 жылғы 27 желтоқсан
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 25 желтоқсан
№ 744