Жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның негізі
Жаңа Конституция халықтың ерік-жігерін айқын білдіреді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл өзгерістер әділетті Қазақстанды құру жолындағы жүйелі реформалардың негізі болып табылады.
Аталған өзгерістердің ішінде Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өкілді органдардың жауапкершілігін күшейту, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарының дамуына кең мүмкіндік беру ерекше маңызға ие.
Жарқайың аудандық мәслихаты ел игілігі үшін жүргізіліп жатқан бұл реформаларды толық қолдайды және жергілікті деңгейде оларды тиімді іске асыруға атсалыса береді. Біз қоғаммен ашық диалог орнатып, әрбір азаматтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға күш саламыз.
Жаңа Конституция — халқымыздың бірлігі мен ел болашағына деген сенімінің көрінісі. Барша қазақстандықтарды осы тарихи өзгерістерді қолдауға және ел дамуына белсенді үлес қосуға шақырамын.
А.Әлжанов, Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы