Гастелло ауылындағы концерттік бағдарлама
Таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап дауыс беруге арналған учаскелер ашылды. Жарқайың ауданында барлығы 24 учаске бар: 5 – қалада және 19 – ауылда. Гастелло ауылында №489 сайлау учаскесінде белсенді дауыс беру жүріп жатыр, тұрғындар учаскеге көтеріңкі көңіл-күймен келуде және бұған жергілікті таланттар да ықпал етуде, олар жерлестеріне ел өміріндегі айтулы оқиғаның құрметіне шағын концерт ұйымдастырды. Концертті Гастелло ауылының әкімі Сайлау Қадыров және ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері: Гүлнара Уахитова, Әлібек Уәлиев, Гүлбану Нысанбаева дайындады.
