Атбасарда белсенді ұзақ өмір орталығы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

WhatsApp Image 2025-11-12 at 08.31.11 (1)

Атбасарда белсенді ұзақ өмір орталығы өз есігін ашты. Бұл орталық егде жастағы адамдар үшін шабыт пен қамқорлық көзі болуға бағытталған. Қыркүйектің басынан бері мұнда қарқынды қарым-қатынас, шығармашылықпен айналысу және денсаулыққа ерекше көңіл бөлінетін жылы атмосфера орнады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған бұл  бастама қазірдің өзінде қала тұрғындарының жүрегін жаулап алды.

«Рамазан» мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестігі бұл жобаны белсенді жүзеге асыруға кірісті. Оның басты мақсаты — егде жастағы адамдарды мәдени, шығармашылық және спорттық өмірге тарту, сондай-ақ белсенді әрі дені сау өмір сүру жылдарын ұзарту.

Орталықта толыққанды дамуға және жақсы көңіл-күйді сақтауға барлық жағдайлар жасалған. Дене шынықтырумен айналысқысы келетіндер үшін сауықтыру секциясы жұмыс істейді. Мұнда йога, скандинавиялық жүріс, шахмат, тоғызқұмалақ, нард сияқты ойынды интеллектуалды ойындар, үстел теннисі секциялары ұсынылады. Күш-қуатты толық қалпына келтіру үшін массаж сеанстары, ал қарқынды жаттығуларды ұнататындарға жүгіру жолы мен бассейн қолжетімді.

«Мен орталықтың ашылған күнінен бастап келіп жүрмін және бірде-бір рет өкінген жоқпын. Мұнда мен өзім сияқты адамдармен таныстым. Сонымен қатар, сәл сурет салуды үйрендім, йогамен айналысамын, билеймін, тіпті ән айтуға да тырысамын. Біз мұнда шай ішеміз, сөйлесеміз, іс-әрекеттерімізді талқылаймыз, сырласамыз және кеңес береміз. Бассейнге ерекше қуаныштымын — бұл денсаулыққа пайдасы зор, ал егер жүзуді білмесеңіз, мұнда үйренуге болады», -тдейді орталықтың келушісі Қалдыгүл Дасимова.

Сонымен қатар, орталықта цифрлық және қаржылық сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінген. Егде жастағы азаматтар компьютермен жұмыс істеуді үйреніп, интернетті сенімді пайдалану мен мобильді қосымшаларды меңгеруге мүмкіндік алады. Қаржылық қауіпсіздікке де баса назар аударылады: алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, қаржылық операцияларды цифрландыру және жеке бюджетті дұрыс жүргізу негіздері туралы танымды дәрістер өткізіледі.

Сонымен бірге, орталықта қазақ тілін үйрету курстары, күнделікті әлеуметтік қарым-қатынасты қолдайтын бос уақыт іс-шаралары, жеке және топтық психологпен кездесулер, сондай-ақ геронтолог дәрігердің құнды кеңестері ұйымдастырылады.

Дереккөз: Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

kkҚазақ тілі