Жарқайың аудандық кітапханасының оқырман залында Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, елге адал қызмет еткен абзал азамат Жармұхан Хасеновтың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Жарқайың ауданы Ардагерлер кеңесі, Орталық Кітапхана Жүйесі және тіл бөлімі ұйымдастырды.