Әжелер алқасының өкілдері сайлау учаскесіне келді
Жарқайың ауданының №485 сайлау учаскесіне Әжелер алқасының өкілдері дауыс беруге келді. Олардың арасында көпбалалы аналар, «Алтын алқа» иегерлері, соның ішінде Өтегенова Азиза да бар.
Аға буын өкілдері сайлау учаскесіне бірге келіп, белсенді азаматтық ұстаным мен ел болашағына деген жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Олардың қатысуы аға буын өкілдерінің мемлекет үшін маңызды оқиғалардан шет қалмайтынын айқын дәлелдеді.
Азиза Өтегенова өз ойымен бөлісті:
«Біз, аға буын өкілдері, әрқашан жастарға үлгі болуға тырысамыз. Бүгін біз сайлау учаскесіне азаматтық борышымызды орындап, өз таңдауымызды жасау үшін келдік. Біз үшін еліміздің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы маңызды. Сондықтан әр адам жауапкершілік танытып, осындай маңызды оқиғаларға қатысуы керек деп есептейміз».