«Оқжетпес» ФК референдумда дауыс берді
Бүгін Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Команданың ойыншылары мен жаттықтырушылары ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмай, Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Тығыз жаттығу кестесіне және жаңа маусымға дайындыққа қарамастан, спортшылар сайлау учаскесіне барып дауыс беруге уақыт тапты.
Клубты осы жылдың басында басқаруға келген бас бапкер Ринат Әлюетов ойыншыларымен бірге дауыс берді.
«Көкшетау мен Ақмола облысының атынан өнер көрсететін команда ретінде референдумға қатысу біз үшін жай ғана міндет емес, елдің дамуына өз үлесімізді қосу мүмкіндігі. Бұл әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен болашақтағы дамуына берік негіз болады деп сенеміз. Біз қоғамның бір бөлшегіміз, ал біздің болашағымыз бүгін қабылдайтын шешімдерімізге байланысты», – деді ол.
Көптеген футболшылар мұндай ауқымды оқиғаға алғаш рет қатысып отыр. Команда ойыншыларының бірі бұл сәттің маңызын атап өтті.
«Бұл барлығымыз үшін өте маңызды оқиға. Біз Қазақстандағы футболдың болашағы мен спорттың дамуы туралы жиі айтамыз. Бірақ мұның бәрі мықты әрі тұрақты мемлекетсіз мүмкін емес. Референдум – соған апаратын қадам, сондықтан біз осы үдерістің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз», – деді футболшы.
Дауыс беруге қатысу арқылы «Оқжетпес» командасы тек футбол алаңында ғана емес, ел өмірінде де бірлік танытатынын тағы бір мәрте көрсетті.