Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелерімен кездесті

WhatsApp Image 2025-08-20 at 13.41.58

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Қоғамдық келісім» КММ-де болып, халық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері Одағының және қоғамдық құрылымдардың көрмесімен танысып, Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің кабинеттерін аралап көрді.

Марат Әзілханов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік активімен кездесу өткізді.

Кездесуге Ақмола облысының әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, Республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов және «Ассамблеясы жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Ғабдуллұлы Жұмырбаев және Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының төрағалары қатысты.

         Кездесуде ҚХА-ның 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар, бірлігіміз бен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар және қайырымдылық бастамалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Сонымен қатар, облыстық Ассамблея жобаларының тиімділігін арттыру, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының жұмысын жетілдіру және этносаралық диалогты дамытуға жұртшылықты тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

         Шара соңында жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген Ассамблея мүшелері  марапатталды.

         Одан кейін Марат Әзілханов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан халқы Ақмола Асссамблеясының жастарымен кездесті.

         Кездесуге Ақмола облысының әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, «Ассамблеясы жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Ғабдуллұлы Жұмырбаев және облысымыздың жастары қатысты.

         Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының бастамаларын талқылау, пікір алмасу және қатысушылармен Ассамблея жобаларының тиімділігін арттыруға бағытталған жастар жұмысын жетілдіру туралы сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті.

         Шара соңында жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген Ақмола Асссамблеясының жастары Алғыс хаттармен марапатталды.

Дереккөз: Ақмола облысының ІСБ

kkҚазақ тілі