«Заң мен тәртіп» – жауапты қоғамның негізі

WhatsApp Image 2026-09-03 at 17.46.36

Абай Мырзахметов атындағы университетте жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуді университеттің тәрбие және кәсіби бағдар беру жұмысы жөніндегі проректоры А.А. Темербекова өткізді.

Жиын барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, әр азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ өзгенің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәселелері кеңінен талқыланды.

Әсіресе жастардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасын орнықтыруға және заңды сақтау әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын түсіндіруге басымдық берілді.

Кездесуде заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты негіздерінің бірі екені атап өтілді. Құқықтық сауатты, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ қалыптастыру – әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды алғышарты.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық санасын арттырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.