Жарқайың ауданында алғашқы сайлаушыларға сыйлықтар табысталды
Жарқайың ауданында сайлау күні жағымды тосынсыйлармен басталды. Таңғы сағат жетіде жұмысын бастаған сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берген тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталды.
Алғашқы сайлаушыларға сыйлық тарту ету сайлау күнінің игі дәстүрлерінің біріне айналған. Мұндай ерекше ықылас дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сайлау учаскелеріндегі мерекелік атмосфераны айшықтай түсті.
Бүгін Жарқайың ауданының тұрғындары облыстық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлайды. Алдағы бес жылда сайланған депутаттар халықтың мүддесін білдіріп, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және өңірдің даму басымдықтарын айқындауға атсалысады.
Еске сала кетейік, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.