10–12 ақпан аралығында Ақмола облысының Жарқайың ауданында басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің және авариялық-құтқару құралымдарының қатысуымен ауқымды кешенді оқу-жаттығу өткізіледі. Аталған іс-шара бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде ауданның әрекет ету дайындығын арттыру, практикалық дағдыларды пысықтау және қызметтердің өзара іс-қимылын тексеру мақсатында ұйымдастырылады.