Ақмола облысында 11 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылықтар анықталды

WhatsApp Image 2026-02-23 at 15.07.57

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиттік іс-шара жүргізді, 11,02 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 2 мамырға дейінгі кезеңде аудиттік іс-шара жүргізді (2025 жылғы 25 шілдедегі аудиттік есеп).

Жүргізілген ішкі электрондық аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 11, 02 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың негізінде Департамент тарапынан мекемеге бұзушылықтарды жою туралы 2025 жылғы 6 тамыздағы №06/02293 нұсқама жолданды.
Мекеменің нұсқамаға берген жауабына сәйкес (2025 жылғы 28 тамыздағы №04-04/210) ,Ақмола облысының Степногорск қалалық сотына талап арыз берілген.

Аталған істі қарау Қарағанды облысының Шет аудандық сотына берілді.

Қарағанды облысының Шет аудандық сотының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне сәйкес талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгінгі күні аталған шешім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
Фото: жасанды интеллект арқылы жасалған