Әрбір дауыс маңызды: үйде дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді

WhatsApp Image 2026-11-29 at 14.16.51

Дауыс беру күні денсаулық жағдайына, жасына немесе өзге де заңды себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері алдын ала өтініш берген азаматтардың үйлеріне барып, көшпелі дауыс беру рәсімін өткізуде. Бұл мүмкіндікті 100 жастағы қоғам қайраткері Евдокия Беккер де пайдаланып, өз таңдауын жасады.

Үйде дауыс беру мүмкіндігі әр азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына жағдай жасап, қоғам өміріне қатысуына жол ашады. Әсіресе, жасы ұлғайған қариялар мен денсаулығына байланысты үйден шыға алмайтын тұрғындар үшін бұл маңызды.

Ең бастысы, дауыс беру кезінде әр азаматтың еркін таңдауы мен дауыс беру құпиясы сақталуы тиіс.

Әрбір дауыс маңызды. Өйткені ел болашағы әр азаматтың таңдауынан басталады.