Целиноград ауданында дауыс беру күні жәрмеңкелер өтуде
Мәслихат депутаттарын сайлау күні Целиноград ауданының бірқатар ауылында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Таңертеңнен бастап сауда алаңдары Ақмол, Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы және Родина ауылдарында жұмыс істеп тұр.
Сауда сөрелеріне ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті тұтынуға қажетті тауарлар қойылған. Тұрғындар қажетті азық-түліктерін сатып алып, жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін таңдай алады.
Жәрмеңкелер ауыл тұрғындарына үйіне жақын жерден сауда жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді.
Осылайша, ауданда дауыс беру күні сайлау учаскелерімен қатар сауда алаңдарында да қызу өтіп жатыр. Тұрғындар күнделікті шаруаларын атқарып, қажетті азық-түліктерін сатып ала алады.